Жаңалықтар
Мектепке дейінгі ұймдарда 2024 жылға мемлекттік тапсырсты орналыстыру бойынша конкурстық комиссия отырысының Хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды 30.11.2023 09:56
- Жарияланды 30.11.2023 09:56
Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ақпарат
- Толығырақ
- Құрылды 20.11.2023 09:52
- Жарияланды 20.11.2023 09:52
Шарбақты ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру
«Шарбақты ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұданәрі – білім беру бөлімі) Шарбақты ауданының мектепкедейінгіұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:
-
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;
-
мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;
-
санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;
-
педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;
-
ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса)ұсынады.
Құжаттар ұсынылғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
-
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң)сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламалар;
-
медициналық қызмет көрсетуге лицензиялар және (немесе) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсетуге)шарт жасалған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен шарттар;
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден/қайта тіркеуден өткендігі туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (жалға алынған) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нысандарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарғасәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;
5) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Шарбақты а., Тәуелсіздік к-сі, 53, 18 кабинет немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. эл.поштасына 2023 жылғы 20-22 желтоқсан аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2023 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.
Шарбақты ауданының білім беру бөлімі
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
- Толығырақ
- Құрылды 16.11.2023 09:37
- Жарияланды 16.11.2023 09:37
Қазақстанда Қазақстанның БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау шеңберінде 8-20 қараша аралығында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны өтеді.
Мақсаты:
1. Балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару;
2. Қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру;
3. Балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру.
Акция аясында Шарбақты ауданының білім беру ұйымдарында онлайн-семинарлар, сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізіледі.
АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
- Толығырақ
- Құрылды 09.11.2023 09:37
- Жарияланды 09.11.2023 09:37
20 қарашада өңірлерде ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша бірінші республикалық олимпиада басталады. Оған еліміздің шалғай аудандарынан 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдерген оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс.
«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде ұсынылады. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні әділ-қазылар үшін жасырын болады. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланып отырады», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айында; екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айында; үшінші кезең (республикалық) – 2024 оқу жылының қаңтар айында.
Республикалық III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.
Атап өтейік, олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні еліміздің барлық ауыл мектептерінде бір мезгілде өткізіледі.
Шарбақты ауданы юнниорская олимпиадасы қорытынды
- Толығырақ
- Құрылды 09.11.2023 09:37
- Жарияланды 09.11.2023 09:37
Ағымдағы жылдың 8-ші қазанында Шарбақты ауданы гимназиялық сыныбы бар ЖОББМ және Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ-де облыстық "Жасөспірім" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Олимпиадаға 7-8 сыныпта оқитын 86 оқушы қатысты,.қорытындылай келе жоғары бал жинаған оқушылар I, II және III дәрежелі дипломмен марапатталады,1 -орын алған балалар облыстық деңгейге қатысатын болады.
Математика:
1 -орын- орын А.Құнанбаев атындағы ЖОББМ-ң 8 -сынып оқушысы, Маратова Алина;
1- орын №3 ЖОББМ-ң 7 сынып оқушысы, Бибик Анжелика;
2-орын А.Құнанбаев атындағы ЖОББМ-ң 7-сынып оқушысы, Муратова Ясмина ;
«Қала - ауыл»
- Толығырақ
- Құрылды 08.11.2023 09:37
- Жарияланды 08.11.2023 09:37
2023 жылғы 31 қазанда облыстық «Қала - ауыл» жобасы аясында дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектебінің базасында Шарбақты ауданының мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өткізілді. Аталған семинарға ауданымыздың 70-тен астам педагогы қатысты. Лицей педагогтары 5 пән бойынша ағылшын тілі, география, химия, физика пәндерінен шеберлік сыныптарын өткізді.
"Отбасылық құндылықтарды дәріптеу"," Тұлғалық даму
- Толығырақ
- Құрылды 10.10.2023 09:37
- Жарияланды 10.10.2023 09:37
2023 жылғы қазан айының 6-ы күні Шарбақты ауданының Шегірен ЖОББМ-де "Сенімен болашақ" Павлодар облыстық филиалының мамандары Хызыр Жаңарыс және психолог Жанар Темержанова "Отбасылық құндылықтарды дәріптеу"," Тұлғалық даму" тақырыбында ата-аналар алдында дәріс оқыды.Берген ақпараттары өте ауқымды әрі бүгінгі күнде өзекті мәселелер. Жиналыс барысында сұрақтар қойылып, оларға кері байланыс жасалды. Жиналыс соңында кейбір ата-аналар келген мамандарға жекелей сұрақ қойып, ойларымен бөлісті.